Италиядағы лицензиялық турнирге баратын қазақ боксшылары белгілі болды

9 Ақпан 2024, 13:30
753
Бөлісу:
Италиядағы лицензиялық турнирге баратын қазақ боксшылары белгілі болды
Фото: olympic.kz

Бокстан Қазақстан командасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Италияда өтетін әлемдік лицензиялық турнирге қатысатын боксшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz сілтеме жасап.

Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы басшысы Шахмұрат Мүтәліптің құрама командамен кездесуі барысында белгілі болды.

Париж Олимпиадасының жолдамасына таласатын боксшылар тізімі:

51 келі: Сәкен Бибосынов
57 келі: Махмұд Сабырхан 
63,5 келі: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
71 келі: Асланбек Шымбергенов
80 келі: Нұрбек Оралбай
92 келі: Айбек Оралбай

Еске сала кетейік, бокстан Қазақстан ерлер командасының еншісінде әзірге бір жолдама бар. 2023 жылғы жазғы Азия ойындарында аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев Париж лицензиясын қоржынға салған болатын.

Бокстан Қазақстан командасы қазіргі таңда іріктеу турнирі қарсаңындағы жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Италиядағы іріктеу турнирі 29 ақпан мен 12 наурыз аралығында өтеді.

Өзгелердің жаңалығы