Италияда коменданттық сағат енгізілді

6 Қараша 2020, 04:41
1251
Бөлісу:
Италияда коменданттық сағат енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияда коронавирус өршуіне байланысты коменданттық сағат енгізілді, деп хабарлайды tengrinews DW басылымы.

Италия аумағының эпидемиологиялық қауіптілік деңгейіне байланысты үш аймаққа бөлінгені, инфекция қаупі жоғары аймақтарда ішінара локдаун енгізілгені айтылады.

Осылайша, дереккөз мәліметінше, Италия билігі 6 қарашадан бастап бүкіл елде сағат 22.00-ден 05.00-ге дейін коменданттық сағат енгізіп отыр. Мейрамханалар мен барлар, музейлер жабылатыны айтылады. Ал жоғары сынып оқушылары қашықтан оқуға көшеді.

Айта кетейік, кейінгі тәулікте Италияда 30 550 адамнан коронавирус анықталып, 352 науқас қайтыс болған. Ал пандемия басталғалы барлығы 790 377 адам коронавирус жұқтырған. 


Өзгелердің жаңалығы