Италияда аспалы жолдың арқаны үзіліп, 13 адам қаза тапты

23 Мамыр 2021, 21:31
1528
Бөлісу:
Италияда аспалы жолдың арқаны үзіліп, 13 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияның солтүстігінде (Пьемонт аймағы) аспалы жолдың арқаны үзіліп кетіп, кабина вагон жерге құлаған. Салдарынан 13 адам қаза тапты, екі бала ауыр жарақат алған. Бұл туралы бүгін, жексенбіде ANSA агенттігі оқиға орнында жұмыс істеп жатқан құтқарушыларға сілтеме жасап хабарлады, деп жазды ҚазАқпарат.

Ал Иль Мессаггеро газетінің жазуынша, кабина арқанның үзілуі салдарынан құлаған. Ауыр халдегі екі бала Туриндегі ауруханаға жеткізілді. Оқыс оқиға таңертең Мажоре көлін 1,5 мың метр биіктікпен жалғайтын маршрутта болды, қазіргі уақытта келеңсіз жағдайдың себеп-салдары анықталуда. 

Пандемияға байланысты қысқы маусымда жабық болған таулы курорттағы бұл көтергіштер осы жексенбіде ғана іске қосылған еді, - деп жазады басылым.


Өзгелердің жаңалығы