"Ит-мысықты құтқарып пиар жасап жүр ме?" - Сыздықов министрдің қайда екенін айтты

23 Сәуір 2024, 13:16
275
Бөлісу:
"Ит-мысықты құтқарып пиар жасап жүр ме?" - Сыздықов министрдің қайда екенін айтты
Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов ведомство басшысына қатысты сынға жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкіметтің баспасөз мәслихатында журналист вице-министрге "Шыңғыс Әрінов тасқыннан ит-мысықты құтқарып, пиар жасап жүр дейтін пікір айтылып жатыр. Министр бос жұмыспен айналысып жүрген жоқ па?" деп сұрақ қойды. 

Көршілес мемлекеттерге қарасақ, мысық пен ит түгіл адамдарын құтқара алмай жатыр. Біз бүкіл адамдарымызды құтқарып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, үйдегі қалған жануарларды көшіріп жатыр. Қазақ айтады ғой, "ит – жеті қазынаның бірі" деп. Ол да бір тірі жан ғой. Ол қайта жақсы нәрсе емес пе?!, - деп жауап берді Бауыржан Сыздықов.

Өзгелердің жаңалығы