IT-маман. 49 мектепке 3 мыңнан астам грант берілді

17 Ақпан 2023, 16:25
1191
Бөлісу:
IT-маман. 49 мектепке 3 мыңнан астам грант берілді
Фото: kstnews.kz

Елімізде былтыр 25 мыңнан астам IT-маман даярланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің IT-саланы дамыту департаментінің директоры Ерсұлтан Ержанов айтты.

Сөзінше, 2021 жылы іске қосылған Tech Orda бағдарламасы өңірлерде IT білім беруді дамытуды ынталандырды. Соңғы 2 жылда еліміздің 12 өңірінде 20 бағдарламалау мектебі ашылды. 2022 жылы 49 IT-мектепке 3 068 грант берілді. 

IT-академиялар Samsung және Huawei сияқты ірі технологиялық компаниялармен бірлесіп іске қосылды, оларда 4 000-ға жуық адам оқыды. Сондай-ақ IT саласындағы инклюзивті білімге назар аударылады. Мысалы, министрліктің қолдауымен және қатысуымен «ITeachMe» құзыреттілікті дамыту орталығы ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған бірқатар білім беру іс-шараларын өткізді, - деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар Ерсұлтан Ержанов атап өткендей, бүгінгі таңда түлектер саны 500-ге жуық студентті құрайды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша ЦДИАӨМ білім беру саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп 25 мыңнан астам адамды дайындады. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 10%-ға артық.

Өзгелердің жаңалығы