"Істей алмаса, орнын босатсын". Депутаттар министрге сын айтты

29 Сәуір 2024, 14:02
903
Бөлісу:
"Істей алмаса, орнын босатсын". Депутаттар министрге сын айтты
Фото: Скрин

Үкімет сағатында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев сынға алынды. Мәжіліс депутаттарына министрдің жауабы ұнамай қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Шарлапаевтың өнеркәсіпке қатысты оқыған баяндамасына көңілі толмайтынын айтты.

Министр Парламент Мәжілісінің алдында емес, өзінің ұжымының алдында сөйлеп тұрғандай әсерде болдым. Статистикада нақтылық жоқ. Мысалы, біз министрден нақты инвесторларды білгіміз келді. Есебіңізді оқып шықтым. Нақты инвесторлардан сіз Samsung, KIA және бірнеше неміс компанияларын жұмыс істеуге шақырғансыз. Демек сіз біздің алдымызда ештеңемен мақтана алмайсыз. Cіз алдымызға ұлттық экономикамызға қаржы құйған қандай инвесторларды шақырғаныңызды айту үшін келдіңіз? Бұдан қарапайым халық не ұтады? Соңғы тұтынушы – халық, - деді Базарбек.

Депутат министрге "жүйкеңіз шыдамаса Парламентке келмеңіз" деді.

Альберт Павлович, мен министрдің жауапкершілік мәселесін көтергім келеді. Ол Мәжілістегі Үкімет сағатында депутаттардың ескертуін елемей отыр. Министр мырза, сіздің жүйкеңіз шыдамаса, Парламентке келмеңіз. Сіз Парламентке депутаттардың алдында есеп беру үшін келдіңіз. Депутат дегеніміз халық. Депутаттар ыңғайсыз сұрақтар қойса да жауап беріңіз. Сіз халықтың алдында жауап беруіңіз керек, - деді Бақытжан Базарбек.

Депутат Мұрат Әбенов 5 сұраққа жауап ала алмағанын айтып, Бақытжан Базарбектің сөзіне қосылды.

Депутат Бақытжан Базарбек дұрыс айтты. Бүгін министр не үшін келді? Бұл есеп беру емес қой. Біз "Ықпалды Парламент, есеп беруші Үкімет" деп айтамыз. Дегенмен де Үкімет сағатына келіп, ақылдасып, проблеманы ортаға салып, бір-бірімізге шыңдықты айтатын жер ғой. Мен бостан босқа айтқан жоқпын. Өткен жылы 170 жоба іске асуы керек болды. Ол зауыттар жұмыс істеуі керек еді. Оның сегізі ғана акт бойынша іске қосылған. Бірақ бұл туралы бірде-бір ақпарат естіген жоқпыз, - деді депутат.

Депутаттар Қанат Шарлапаев жұмыс істей алмаса, орнын босату керек деген пікірде.

Өзгелердің жаңалығы