Испанияның солтүстігінде орман өрті өршіп тұр

6 Қыркүйек 2019, 21:53
1776
Бөлісу:
Испанияның солтүстігінде орман өрті өршіп тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тілсіз жау Галисия аумағына жетті, деп хабарлады «Хабар 24».

Жергілікті биліктің хабарлауынша, аймақта 4 өрт ошағы тіркелген. Қызыл жалын шамамен  450 гектар жерді тып-типыл еткен. Әзірге апаттан мерт болғандар мен жарақат алғандар жайлы ақпарат түскен жоқ.

Тілсіз жауды ауыздықтау үшін 13 тікұшақ пен 4 өрт сөндіруші ұшақ жұмылдырылды. Құтқарушылар тұрғындарға қауіпті аймаққа жақындамауға кеңес береді.
Өзгелердің жаңалығы