Мадрид қаласындағы Círculo de Bellas Artes кинотеатрында Қазақ киносының күндері аясында «Алға» және «Схема» фильмдерін тамашалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Отандық кинотуындыларды испан көрермендеріне «Алға» фильмінің продюсері Максим Акбаров және «Схема» фильмінің режиссері Фархат Шарипов таныстырды.
Ұлтық киноны қолдау мемлекеттік орталығы мен Испания корольдігіндегі Қазақстан Республикасының елшілігі бірлесе ұйымдастырған іс-шараға Испанияның сыртқы істер министрлігі, Еуропалық Одақ пен ынтымақтастық, дипломатиялық корпус, сондай-ақ қазақстандық диаспора өкілдері қатысты.
Қазақ киносының күндері режиссер Ернар Нұрғалиевтың «Alga/На Старте» фильмімен ашылды. Салтанатты шараға қатысқан Қазақстанның Испания Корольдігіндегі елшісі Константин Жигалов бұл шара биылғы жылы атап өтілетін екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанының 30 жылдығына орайластырылғанын хабарлады.
Испаниядағы Қазақ киносының күндері осы жылы Халықаралық Берлин кинофестивалінің Generation 14+ бағдарламасында Гран-при жеңіп алған «Схема» фильмі көрсетілді. Жасөспірімдер туралы баяндайтын туындыны испан көрермендеріне режисер Фархат Шарипов таныстырды. Көрсетілімнен кейін көрермендермен тілдескен режиссер аталған фильм Оңтүстік Кореяда 5-14 қазан аралығында өтетін 27-ші Халықаралық Бусан кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына қатысатынын айтты.
Айта кетсек, көрсетілімнен кейін көрермендер өз ойларымен бөлісіп, фильмнің желісі мен басты кейіпкерлері, сондай-ақ түсірілімдер туралы сұрақтар қойып, режиссермен ұзақ әңгімелесті.