Испанияда шеру полициямен қақтығысқа ұласты

19 Ақпан 2021, 06:16
1061
Бөлісу:
Испанияда шеру полициямен қақтығысқа ұласты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мадрид, Барселона мен басқа бірнеше қалада мыңдаған тұрғын шеруге шығып, полициямен қақтығысты, деп хабарлайды Хабар24. 

Наразылыққа жергілікті рэпердің қамауға алынуы себепші болған. Испан соты Пабло Асель есімді әншіні 9 айға бас бостандығынан айырған. Оған әлеуметтік парақшасында корольді мазақтады және терроризмге шақыратын жазбалар жариялады деген айып тағылған. 

Үкіммен келіспеген жігіт университет ғимаратында 50 жақтасымен бірге бекініп алған. Осыдан кейін рэперді қолдаған мыңдаған белсенді көшеге шығып, қудалауды тоқтатуды талап етуде. Наразы топ полицияға тас пен шөлмек лақтырып, кейбір жерде от қойған. 

Тәртіп сақшылары көзден жас ағызатын газ шашып, резеңке оқтар атуға мәжбүр болған. Соңғы ресми мәлімет бойынша қақтығыстан 55 адам жарақат алған. Арасында 25 полицей бар. Сондай-ақ 18 ереуілші қамауға алынды.

Өзгелердің жаңалығы