Испанияда екі жолаушылар пойызы соқтығысты

9 Ақпан 2019, 12:57
2511
Бөлісу:
Испанияда екі жолаушылар пойызы соқтығысты

Фото: tvzvezda.ru

Астана, BAQ.KZ. Испанияның Каталония автономдық қауымдастығында қала маңына қатынайтын екі жолаушылар пойызының соқтығысуы салдарынан бір адам көз жұмып, жүзге жуық азамат зардап шекті. Бұл жөнінде Lenta.ru порталы хабарлайды.


Қайғылы оқиға Сан-Висенте-де-Кастельет пен Монресой провинциялары арасындағы жолда орын алды. Қаза тапқан әйел пойыз машинисі екені белгілі болды. Зардап шеккен тағы үш азаматтың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. 
Оқиға орнында жедел жәрдем қызметкерлері, өрт сөндірушілер және құқық қорқаушылар жұмыс жасап жатыр.

Renfe теміржол компаниясының ресми өкілі Антонио Кармонның айтуынша, екі пойыз бір уақытта бір жолда болып қалған. Алайда, дәл осы учаскеде қос бағытта жолдар бар екені белгілі. Екі пойыз құрамында шамамен 300 адам болған. Ол оқиға бойынша тергеу жүргізілетінін мәлімдеді. 

Апат орнына Каталония үкіметінің өкілдері келіп, оқиғаның мән-жайын нақтылауда.
Өзгелердің жаңалығы