Ислам ұйымы мен білім беру орталығы келісімшартқа отырды

21 Мамыр 2021, 20:55
1779
Бөлісу:
Ислам ұйымы мен білім беру орталығы келісімшартқа отырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының бас директоры Ерлан Байдәулет және «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ басқарма төрағасы Гүлмира Исаева өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойды.

Іс-шаралар жоспары ақпарат тарату және білім беру желісі, ауыл шаруашылығы дақылдары мен мал шаруашылығын дамыту жөніндегі озық тәжірибе орталықтары, өсімдіктер мен жануарлардың генетикалық ресурстарын дамыту орталықтары, ауыл шаруашылығындағы су ресурстарын басқару, биологиялық зиянкестермен трансшекаралық күрес және басқалары сияқты бірлескен бағдарламалар шеңберіндегі ынтымақтастықты қамтиды.

Бұл жоспар АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ақпарат алмасу саласында тиімді ынтымақтасуға, бірлескен іс-шараларға қатысуға және ИЫҰ елдерімен ынтымақтастықты дамытуға ықпал етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, кездесуде АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ арасындағы серіктестік қарым-қатынастарды кеңейту және гендердің ұлттық банктерін дамыту, тамақ және органикалық өнімдердің, халал өнімдерінің қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламаларды және тамақ өнімдерінің теңгерімі туралы деректер базасын қоса алғанда, ортақ мақсаттарға қол жеткізу мүмкіндіктері талқыланды, - делінген ақпаратта.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы уағдаласты.

Ислам ұйымы мен білім беру орталығы келісімшартқа отырды

АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ арасындағы ынтымақтастық 2019 жылғы желтоқсанда қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандумнан басталған. Меморандум аясында АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ арасында азық-түлік және тамақ қауіпсіздігі, инновациялық ғылыми технологияларды тарату, ресурстар мониторингі және ғылыми-техникалық және ауыл шаруашылығы салаларында тәжірибе алмасу салаларында өзара іс-қимыл жасалды.

Бүгінгі күні АҚИҰ және «ҰАҒБО» КеАҚ іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде ауқымды жұмыс басталды, бұл өңірлік және жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қабылдаушы елде де, ИЫҰ-ға мүше басқа елдерде де агротехнологиялық, ғылыми және инновациялық әлеуетті нығайту үшін негіз болады.


Өзгелердің жаңалығы