Ислам мен Әлімханұлы әлемдік рейтингте үздік бестікке енді

21 Қаңтар 2020, 21:33
1535
Бөлісу:
Ислам мен Әлімханұлы әлемдік рейтингте үздік бестікке енді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) барлық салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингісін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Орта салмақтағы рейтингте WBO International титулының иегері, қазақстандық боксшы Қанат Ислам бесінші сатыдан төртінші орынға көтерілді.

Дәл осы салмақта бақ сынайтын тағы бір қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы үздік бестікке кірді. Ол осыған дейін алтыншы орында тұрған.

Ал бұл дивизионның үздіктері - мексикалық Хайме Мунгия, британиялық Лиам Уильямс және ирландиялық Люк Килер. Сондай-ақ, WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы АҚШ боксшысы Деметриус Андраде.

Айта кетейік, Қанат Ислам 26 қазанда Алматыда өткен соңғы жекпе-жегінде Уолтер Каутондокваны төрешілердің шешімімен жеңген болатын.

Ал Әлімханұлы 10 қараша күні Калифорнияда өткен соңғы жекпе-жегінде канадалық Альберт Онолуносты нокаутпен жеңіп, WBO Global және WBC Continental Americas белдіктерін қорғап қалған еді.

Өзгелердің жаңалығы