Ішкі нарықты отандық өніммен толықтай қамтасыз ету үшін не істеліп жатыр? - Үкімет басшының жауабы

12 Шілде 2022, 21:25
1347
Бөлісу:
Ішкі нарықты отандық өніммен толықтай қамтасыз ету үшін не істеліп жатыр? - Үкімет басшының жауабы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Премьер-министр  Әлихан Смайылов  дағдарысқа қарсы жүйелі шараларды таныстырды.

Ішкі нарықты отандық өніммен толықтай қамтасыз ету мәселесі бар. Ол үшін біз ауыл шаруашылығының өнімдерін өндіру үшін қаржылай беретін мемлекеттік көмекті биыл екі есе өсіріп отырмыз, - деп атап өтті Үкімет басшысы.

Смайылов 700-ден астам инвестициялық жобалар нені көздейтінін айтты.

Өнеркәсіп өндірісіне келер болсақ, біз арнайы отандық кәсіпорындарды және импортты алмастыру бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру және экспортты ұлғайтуға арнайы бағдарлама қабылдадық. Ол жобада 700-ден астам инвестициялық жобалар іске асырылады. Оның арқасында импорт көлемі 4 млрд долларға дейін азаяды, ал экспорт көлемі 9 млрд теңгеге көбейеді деген болжамымыз бар. Кәсіпкерлікті дамыту бойынша бірқатар нақты шара іске асырылып отыр. Халықтың табысын арттыруға арнайы бағдарлама қабылданды. Бұл мәселелер күнделікті Үкіметтің жұмысы деп айтуға болады, - деді  Премьер-министр  «Жаңа Қазақстан» бағдарламасына берген сұхбатында. 

Өзгелердің жаңалығы