Ішкі істер министрілігіне қосымша құзырет берілмек

19 Ақпан 2023, 16:07
2027
Бөлісу:
Ішкі істер министрілігіне қосымша құзырет берілмек

Ішкі істер министрігіне жол жүрісі саласындағы ақпараттық жүйелерді біріктіру жұмыстарын ұйымдастыру құзыреті берілуі мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған ҚР Үкіметінің қаулы жобасында жазылған, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Министрліктің міндеттері мен өкілеттіктеріне жол жүрісі саласындағы ақпараттық жүйелерді біріктіруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру құзыреті берілсін», - делінген жаңа редакцияда.

Үкімет қаулысының жобасы 6 наурызға дейін көпшілік талқылауда болды.

 

Өзгелердің жаңалығы