Ішкі істер министрі ЖБО жұмысымен танысты

18 Наурыз 2022, 14:25
2328
Бөлісу:
Ішкі істер министрі ЖБО жұмысымен танысты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің жедел басқару орталығында болды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

ІІМ басшысы елордалық ЖБО-ның материалдық-техникалық жабдықтарымен және жедел басқару жұмысымен танысты.

Азаматтардың қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету мақсатында ПД Жедел басқару орталығы тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейді. Бүгінгі таңда ЖБО-да 27 мыңнан астам бейнекамера, оның ішінде “Сергек” аппараттық-бағдарламалық кешенінің 13 мың камерасы бар. Сонымен қатар көп пәтерлі үйлердің кіреберістерінде “Бұлтты бейнебақылау” жүйесінің 5500-ден астам камералары жұмыс істейді. Олар аталмыш орталыққа біріктірілген. 

Ішкі істер министрі ЖБО жұмысымен танысты

Бейнекамералардың көмегімен өткен жылы елордада 2300-ден астам қылмыс ашылып, 36 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. “Сергек” аппараттық-бағдарламалық кешенімен 775 мыңға жуық ЖҚЕ бұзушылық анықталды.

Сондай-ақ “Цифрлық полицей” жобасы мен “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде өткен жылдан бастап қала көшелерінде құқыққа қайшы әрекеттер немесе төтенше жағдайлар туындаған кезде дабыл белгісін беру және полицияны шұғыл шақыру үшін арнайы құрылғылар орнатылды. Қазіргі уақытта елордада 13 дабыл түймесі жұмыс істейді.

Өткен жылдан бастап ІІМ азаматтардың өтініштерін қабылдаудың бірегей процесін іске қосты. Жаңа процесс азаматтарға полицияға түрлі байланыс арналары, соның ішінде “Рolice 102” мобильді қосымшасы арқылы жүгінуге мүмкіндік берді. Жоба басталғаннан бері полицияда 1500-ден астам омниканалды-өтініштер қабылданды. 

Мемлекет басшысы ішкі істер органдарының алдына күнделікті қызметте жаңа технологиялық әзірлемелерді пайдалану міндетін қойды. Бұл құқық бұзушылықтың алдын алуға және қылмыстарды жедел ашуға мүмкіндік береді. Халықтың өмір сүруі үшін қауіпсіз және жайлы жағдай жасау полиция жұмысындағы басымдық болып табылады, – деп атап өтті Марат Ахметжанов.

 

Өзгелердің жаңалығы