Ішкі істер министрі ипотекалық несиенің құрбаны болған қарағандылықтың ісін жеке бақылауына алды

22 Қараша 2021, 12:19
1037
Бөлісу:
Ішкі істер министрі ипотекалық несиенің құрбаны болған қарағандылықтың ісін жеке бақылауына алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихаты барысында ведомствоның ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек хабарлады. 

Оның айтуынша, өңірлердегі азаматтар онлайн-форматта шеше алмаған проблемаларын айтып, Ішкі істер министріне жүгінген.

Азаматтарды қабылдау – Мемлекет басшысы айтқан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың бір бөлігі. Тұжырымдама шеңберінде ІІД полицияны халыққа жақындатып, азаматтарды тыңдап және ең басшысы – олардың проблемаларын естіп, шұғыл арада іс-шара қабылдауға мүмкіндік беретін қабылдаулар өткізіп тұрады. Кездесуде азаматтар аймақтық деңгейде шеше алмаған проблемаларымен бөлісті, - деп атап өтті ведомство өкілі.

Кездесу барысында министрден әділдік іздеп шарқ ұрған қарағандылық тұрғын көмек сұраған.

Ол ипотекалық несие бойынша тұрғынүй сатып алып, қарыздың көп бөлігін өтегенімен, төлем мерзімін өткізіп алған. Оның сөзінше, әйелдің баспанасы жалған құжат жасау арқылы төмен бағамен сатылып кетіп, ол үйсіз қалған. Ерлан Тұрғымбаев істі жеке бақылауына алып, толыққанды тексеріс жүргізуді тапсырды, - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Сонымен қатар онлайн-кездесу барысында полиция қызметкерлерінің әрекеттеріне, қылмыстық істің тоқтатылуымен немесе оның нәтижелерімен келіспеу сынды шағымдар мен сұрақтар келіп түскен. Жыл басынан бері министрлік басшылығы 300-дей азаматты қабылдап, олардың шағымдарын тыңдаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кешенді жоспар нені қамтитындығына тоқталған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы