Ішкі істер министрі Алматыда көлікпен үш адамды қаққандарға қатысты пікір білдірді

27 Тамыз 2019, 15:42
941
Бөлісу:
Ішкі істер министрі Алматыда көлікпен үш адамды қаққандарға қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 26 тамызда Алматыда бір топ адамды көлік қаққаны туралы видео пайда болған еді. Осыған қатысты ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев үкімет отырысынан кейін өз пікірін білдірді.

«Оқиғаға қатысушылардың бірі қамауға алынды. Қазір екіншісін іздеу жүріп жатыр. Меніңше ойымша, бұл уақыт мәселесі. Ауруханада үш адам жатыр. Оның екеуінің аяқ-қолы сынған және бас жарақатын алған. Оларды көлікпен екі адам қаққан. Яғни, екі көлікте екі жүргізуші болған. Көліктер оқиға орнына жақын жерде қалдырылған», - деді Тұрғымбаев.

 Ішкі істер министрі тергеуге байланысты күдіктілердің есімін атаудан бас тартты.

«Толығырақ мәлімет бере алмаймын. Оны тек сот шешеді.  Бұл жерде бірнеше бап бойынша қарастырылады. Біріншіден, көлікті мас күйінде жүргізуден бөлек, бұзақылыққа қатысты бап бойынша іс кейін «кісі өлтіруге әрекет ету» бабына ауыстырылды», - деді министр.
Өзгелердің жаңалығы