Ішектің қабынып ауруы өмірге қауіпті – дәрігер

10 Наурыз 2022, 12:40
5975
Бөлісу:
Ішектің қабынып ауруы өмірге қауіпті – дәрігер

Алматы, BAQ.KZ. Ішектің қабыну аурулары, әдетте өлімге әкелмесе де, кей жағдайларда адамның өміріне қауіп төндіруі мүмкін.  Бұл туралы гастроэнтеролог дәрігер, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ кафедра доценті Жамиля Қайбуллаева айтты.

Дәрігердің айтуынша, аутоиммундық сипаттағы созылмалы қайталанатын ішектің қабыну ауруы жағдайында бүкіл ішектің шырышты қабаты немесе асқазан-ішек жолдарының бір бөлігі зақымданады. Ойық жаралы колит тоқ ішек пен тік ішектің бетіндегі қабыну мен ойық жараларды қамтиды.

Крон ауруы ас қорыту жолдарының ең терең қабаттарын зақымдайтын ас қорыту жолдарының шырышты қабатының кез келген бөлігінің қабынуымен сипатталады. Ойық жаралы колит және Крон ауруына шалдыққан пациенттер диареяға, ректалды қан кетуге, іштің ауыруы, тез шаршау мен дене салмағын жоғалтуына шағымданады. Симптомдар жеңілден ауыр жағдайға дейін алмасып отырады, сондықтан диагнозды нақтылау мақсатында дер кезінде гастроэнтерологқа қаралған маңызды!

Егер осындай аурумен ауыратын туысқандары бар болса, пациенттер жоғары қауіпке ұшырайды. Темекі шегу Крон ауруының даму қаупінің маңызды бақыланатын қауіп факторы болып табылады. Темекі шегуден бас тарту ас қорыту жолдарының жалпы жағдайын жақсартады. Нестероидты қабынуға қарсы препараттар: ибупрофен (нурофен, артрум), натрий напроксені (алив), натрий диклофенагы және т.б. ішектің қабыну ауруларының қаупін арттыруы немесе ауруды өршітуі мүмкін.

Ішектің қабыну ауруларының нақты себебі белгісіз. Диета мен стресс ауруды өршітуі мүмкін, бірақ ішектің қабыну ауруларының себебі бола алмайды. Мүмкін болатын себептердің бірі – иммундық жүйе жұмысының бұзылуы, мысалы: диарея, шаршау, іштің ауыруы және спазмдар,  үлкен дәретте қан мен шырыштының болуы, тәбеттің төмендеуі, салмақты еш себепсіз жоғалту.

Егер Сіз ішекті босату процесінде тұрақты өзгерістерді сезінсеңіз: қан аралас сұйық дәреттің жиі болуы немесе іштің қатты ауыруы және т.б., маманға қаралыңыз. Ішектің қабыну аурулары, әдетте өлімге әкелмесе де, кей жағдайларда адамның өміріне қауіп төндіруі мүмкін - дейді гастроэнтеролог дәрігер, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ кафедра доценті, м.ғ.к.Жамиля Қайбуллаева.

Өкінішке қарай, нақты дұрыс терапияның болмаған жағдайында немесе ауру ағымының өршуіне байланысты ауру мынадай асқынуларға әкелуі мүмкін:
-  Тоқ ішек обырының болу қаупі артады. 

- Бастапқы беріштендіруші холангитте қабыну өт жолдарының тыртықтарын тудырады, бұл ретте оларды тарылтады және біртіндеп бауырды зақымдайды.
- Крон ауруы ішек қабырғаларының бүкіл қалыңдығын зақымдайды. Ішектің бөліктері қалыңдай және тарыла бастайды, бұл ас қорытудың құрамының ағынын тежеуі мүмкін.
- Диарея, іштің ауыруы мен спазмдар тамақтануды нашарлатады немесе ішектің жеткілікті қоректік заттарды сіңіруін қиындатады. Темір немесе В12 дәруменінің аз болуынан анемия да жиі өршиді. 
- Анустық аумақтың маңайында немесе айналасында жыланкөздер мейлінше таралады. Ол инфекцияға ұшырап, абсцесс түзуі мүмкін.
- Ойық жаралы колит тоқ ішектің жылдам кеңейіп және ісінуіне әкелуі мүмкін.
- Диареяның шамадан тыс болуы сусыздануға әкелуі мүмкін. Ішектің қабыну ауруларының асқынуы кезінде артрит, терінің зақымдануы мен көздің қабынуын (увеит) қоса, белгілі бір бұзылыстарды тудыруы мүмкін.
- Кей дәрілер, кортикостероидтар  остеопороздың, қан қысымының жоғары болуы және басқа да күй-жайлардың болу қаупімен байланысты болуы мүмкін.

Ішектің қабыну аурулары бар адамдарға арналған диетаның арнайы жоспары жоқ. Алайда келесідей жалпы ережелерді орындау көмектесе алады:

Қандай тағам өнімдері мен сусындар симптомды нашарлата алатындығын біліңіз. Әсіресе бұл асқыну кезінде өзекті. Проблемалар тудыратын тағамдардан бас тарту симптомдарды азайтуға көмектеседі. Өзіңіздің ішіп-жейтін тағамдарыңызды бақылаңыз, әр тағамнан қандай сезім болады және бұл тағамды рационнан алып тастаудың көмегі бар ма екендігін анықтаңыз. Егер симптомдар азаятын болса, бұл сізге қабылдауға болмайтын тағамды тапқандығыңызды білдіреді. Симптомдарды өршітетін аса кең таралған тағамдардың кейбірі: көмірсулар, сүт өнімдері, жоғары және төмен талшықтан тұратын тағамдар. Сүт өнімдері симптомдарды нашарлатып және диареяны болдыртып, ішті ауырту мен газ шығартуы мүмкін. Жоғары талшықты тағамдар диареяны, іштің ауруын өршітіп және симптомдарды нашарлатуы мүмкін. Дәрігерден алдын ала кеңес алмай, құрамында жоғары талшығы бар диетаға ауыспаңыз.

Ішектің дұрыс жұмыс істеуі үшін сұйықтық қажет. Сусыздану кезінде симптомдар өршуі мүмкін. Алкогольдік ішімдіктер мен кофеині бар сусындарды пайданудан бас тартқан жөн.

Ішектің қабыну ауруы қоректік заттарды сіңіруді қиындатуы мүмкін болғандықтан, дәрумендер мен қоректік заттардың барабар дозаларын алғаныңызға көз жеткізу аса маңызды. Қандай да бір қоспаларды қабылдамас бұрын өзіңізге қайсының дәл келетіндігіне көз жеткізу үшін дәрігердің кеңесін алыңыз. 
 

Өзгелердің жаңалығы