Ironman Kazakhstan жарысының жеңімпаздары анықталды

15 Тамыз 2022, 11:58
1060
Бөлісу:
Ironman Kazakhstan жарысының жеңімпаздары анықталды
PHOTO

BI Group Ironman Kazakhstan 2022 ірі халықаралық жарыста толық қашықтықта ресейлік Алекс Григорьев (8 сағат 13 минут) нағыз «Ironman» атанды, деп хабарлады BAQ.KZ Elorda.info сілтеме жасап.

Шамамен 20 минутта ол жүзу кезеңінде барлық бәсекелестерін басып озды. Бұл қашықтықтың екінші финишері оның отандасы – Ресейден келген Антон Березняк (8 сағ. 49 мин) болса, үшінші орынды қазақстандық Алексей Вшивцев (8 сағ. 51 мин) алды.

Ironman Kazakhstan жарысының жеңімпаздары анықталды

Әйелдер арасында ресейлік Валентина Кукрус (9 сағат 46 минут) мәреге бірінші болып келсе, екінші орынды Түркияның өкілі Guney Merve (10 сағат 9 минут) иеленді, үшінші орынды Ресейдің өкілі Ирина Владимирова (10 сағат 23 минут) алды.

Ironman Kazakhstan жарысының жеңімпаздары анықталды

Еске сала кетейік, жарыс жолына әлемнің 56 елінен 1 700 триатлет шықты. Жарыстың атақты қатысушыларының қатарында «Орда» тобының солисі Дастан Оразбеков, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, кәсіби триатлоншы Екатерина Шатная және «Алматы марафонының» атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева және басқалары бар.

Ironman Kazakhstan жарысының жеңімпаздары анықталды

Қазіргі уақытта 400 қатысушы жүгіру кезеңінен өтіп жатыр және бүгін түн ортасында Гавайи, Кайлуа-Кона аралындағы IRONMAN әлем чемпионатында 45 слотын кім иеленетіні белгілі болады.

Өзгелердің жаңалығы