Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен – Үкімет

25 Сәуір 2023, 08:20
1853
Бөлісу:
Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен – Үкімет
PHOTO
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында мұнай-газ саласындағы маңызды инфрақұрылымдық объектілерді жеке меншікке берудің заңдылығы мәселелері талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жиында мұнай-газ саласында жұмыс істейтін ірі компанияның осыдан бірнеше жыл бұрын жеке меншікке сатылғаны айтылды. Комиссия тапсырмасымен жүргізілген тексеру активтің төмендетілген бағамен жекенің қолына өтіп кеткенін анықтады. 

Премьер-министр құзырлы мемлекеттік органдарға осы мәселені Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында пысықтауды тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы