Мамин ірі инфрақұрылым жобаларының іске асырылуын тексерді

9 Қазан 2019, 20:28
2073
Бөлісу:
Мамин ірі инфрақұрылым жобаларының іске асырылуын тексерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру барысын тексерді.

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан, Алматы және Қарағанды облыстарына барды, онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел өңірлеріне жұмыс сапарлары аясында берген тапсырмаларын іске асыру барысын тексерді. ҚР Тұңғыш Президенті ‒ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің тұрақты көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында бастамашы болған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын орындауға баса көңіл бөлінді.

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында премьер-министр индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында әлемдегі ең ірі игерілмеген мыс кен орындарының бірі ‒ Ақтоғай кенішін игеріп жатқан «KAZ Minerals Aktogay» кәсіпорнының жұмысымен танысты. Кен орнының минералды ресурстары 1,7 млрд тоннаны құрайды. Кендегі мыстың жалпы мөлшері 5,8 млн тоннаны құрайды. Ақтоғай ТКБК қуаттылығы жылына 25 млн тонна өңделген кенді құрайды, 2021 жылдан бастап бұл көрсеткішті екі есеге арттыру көзделген.

Мамин ірі инфрақұрылым жобаларының іске асырылуын тексерді

Шығыс Қазақстан облысында Асқар Мамин «Өскемен ‒ Талдықорған» автожолын салу жобасының іске асырылу барысымен танысты. Биыл 198 шақырым жолда көлік қозғалысын ашуды қамтамасыз ету жоспарланған. Жалпы, ұзындығы 763 шақырым болатын жолда қозғалыс 2020 жылы ашылады. Сонымен қатар, «Қалбатау ‒ Майқапшағай» трассасын реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр, онда жыл соңына қарай 45 шақырым автожол пайдалануға беріледі.

Мамин ірі инфрақұрылым жобаларының іске асырылуын тексерді

Өскемен қаласында А. Мамин Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығы жанындағы Онкология және хирургия орталығының, Роботтандырылған хирургия, ангиохирургия және трансплантология орталығының қызметімен, ШҚО әкімі Ведомствоаралық ситуациялық және инвестициялық орталығының қызметімен танысты. Премьер-министр өңірдің инвестициялық әлеуеті, өнеркәсіп саласындағы цифрландыруды дамыту, сондай-ақ мектеп оқушылары мен студенттерінің Startup жобаларын іске асыру бойынша презентацияларды өткізуге арналған шоурумды қарап шықты. Сондай-ақ, мұнда «Jastar Time» инновациялық орталығы орналасқан, онда 5-11 сынып оқушылары АT бағыттары бойынша оқытылады, атап айтсақ: 2D/3D графикасы, бағдарламалау, видео жасау және т.б.

Мамин ірі инфрақұрылым жобаларының іске асырылуын тексерді

Алматы облысында Үкімет басшысына ұзындығы 314 шақырым болатын «Өскемен ‒ Талдықорған» автожолының шығыс бөлігін реконструкциялау, ұзындығы 184 шақырым болатын «Үшарал ‒ Достық» автожолының құрылысы жобасы туралы баяндалды.

Мамин ірі инфрақұрылым жобаларының іске асырылуын тексерді

Қарағанды ​​облысында «Қарағанды ‒ Балқаш» автожолының учаскесіндегі жұмыстар тексерілді. Осы жоба бойынша биыл 40 шақырым жолда қозғалыс ашылады, 2020 жылдың қорытындысы бойынша жолдың барлық ұзындығы бойынша қозғалыс ашылады деп жоспарлануда. «Қарағанды ‒ Теміртау» және «Қарағанды ​​айналма жолы» жобалары бойынша жұмыстар жыл соңына дейін аяқталып, 61 шақырым жол пайдалануға беріледі.

Премьер-Министр Шығыс Қазақстан, Алматы және Қарағанды ​​облыстарының жолдарындағы құрылыс жұмыстарының қарқынын арттыруды тапсырды. Сонымен бірге, Үкімет басшысы құрылып жатқан көлік инфрақұрылымының сапасын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

«Келесі жылы біз “Талдықорған – Өскемен” және “Қарағанды – Алматы” жолдарының бойында толық жол жүруді қамтамасыз етуіміз керек», — деді А. Мамин.

Тексерілген инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру Қазақстан экономикасын дамытуға қосымша мүмкіндіктер туғызады.


Өзгелердің жаңалығы