Иранның мәлімдемесінен кейін әлемдік мұнай нарығы құлдырады

Мәлімдемеден кейін АҚШ пен Еуропа қор индекстері де өсті: S&P 500, Nasdaq және Dow Jones индекстері шамамен 1% шамасында көтерілді, ал еуропалық нарықтарда да өсім тіркелді.

 freepik Бүгiн 2026, 01:29
Бүгiн 2026, 01:29
107
Фото: freepik

Иран Ормуз бұғазы бітімгершілік кезеңінде коммерциялық кемелер үшін толық ашық екенін мәлімдегеннен кейін әлемдік мұнай нарығында баға төмендеді. Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы шамамен 88 долларға дейін түсіп, алдыңғы күндерде 98 доллардан асқан еді, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.

Ормуз бұғазы – әлемдік мұнай мен сұйытылған газдың шамамен 20%-ы өтетін маңызды теңіз дәлізі. Бұған дейінгі әскери шиеленіс салдарынан мұнда кеме қозғалысы айтарлықтай қысқарып, бағаның өсуіне әсер еткен.

Иран Сыртқы істер министрлігі бұғаздың атысты тоқтату кезеңінде ашық болатынын хабарлады. АҚШ президенті Дональд Трамп бұл мәлімдемені құптап, жаһандық нарықтардағы тұрақтылықты оң бағалады.

Мәлімдемеден кейін АҚШ пен Еуропа қор индекстері де өсті: S&P 500, Nasdaq және Dow Jones индекстері шамамен 1% шамасында көтерілді, ал еуропалық нарықтарда да өсім тіркелді.

Дегенмен, теңіз тасымалы саласындағы операторлар бұғаздағы қауіп әлі толық жойылмағанын айтып, сақтық ұстанымын сақтап отыр. Сарапшылар қазіргі бітім уақытша болғандықтан, мұнай нарығындағы тұрақтылықтың да ұзақ мерзімді болмауы мүмкін екенін ескертеді.

Наверх