Иранда былтыр қыркүйекте басталған наразылыққа қатысқан екі адам дарға асылды, деп жазады BAQ.KZ.
CNN телеарнасы дерегінше, наразылыққа қатысқан төрт адам өлім жазасына кесілген.
22 жастағы Мұхаммад Мехди Карамиге және 39 жастағы Мұхаммад Хуссейниге "Басидж" қызметкерлерін өлтірді деп айып тағылған. Бұл іс бойынша тағы үш адам өлім жазасына кесіліп, 11 адам түрмеге отырғызылған.
Amnesty International жазуынша, айыпталушыларды күшпен мойындатқан. Хуссейнидің адвокаты желтоқсанда өзі қорғап отырған азаматтың аяусыз азапталғанын, күшпен мойындату заңсыз екенін мәлімдеген.