Ирандағы тәртіпсіздіктерден кейін ең үлкен түрме өртенді

16 Қазан 2022, 08:35
1922
Бөлісу:
Ирандағы тәртіпсіздіктерден кейін ең үлкен түрме өртенді

Тегеранда саяси тұтқындар мен үкіметке қарсы белсенділер ұсталған Ирандағы ең ірі Эвин түрмесінде алапат өрт шықты, деп хабарлайды Deutsche Welle басылымы.

Эвин түрмесінде қатты өрт шыққанын көрсететін фотосуреттер жарияланды. Жергілікті тұрғындар соңғы 20 минут ішінде өрт орнынан кемінде төрт жарылыс дыбысы естілгенін хабарлады, - деп жазды ИРНА ақпарат агенттігі.

Ведомствоның атап өтуінше, өрт түрмедегі тігін бөлімінде тұтқындар мен түрме қызметкерлері арасындағы кикілжің нәтижесінде шыққан. Тұтқындар түрме киімдері бар қойманы өртеп жіберген.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, өрт түрме басшылығының жедел әрекетінің арқасында сөндіріліп, тәртіпсіздіктер "бақылауға алынды". Өрт салдарынан сегіз адам зардап шекті, бірақ қаза тапқандар жоқ.

Куәгерлердің Reuters агенттігіне айтуынша, түрмеге апаратын жолдар жабылып, оқиға орнына жедел жәрдем келген.

Өзгелердің жаңалығы