Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Эсмаил Багеи әлеуметтік желідегі X парақшасында Исфахан технологиялық университеті мен Тегерандағы Ғылым және технология университетіне жасалған шабуылдарды қатты сынға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
Багеи АҚШ пен Израильді «елдің ғылыми базасы мен мәдени мұрасын бұзуға, университеттерге, ғылыми зерттеу орталықтарына, тарихи ескерткіштерге және көрнекті ғалымдарға жүйелі түрде соққы беруге» тырысуда деп айыптады.
Сондай-ақ, ол АҚШ пен Израильдің Иранның ядролық бағдарламасына қарсы тұруы мен қауіп төндіруі туралы мәлімдемелерін «жала жапқан сылтау» және «шын ниеттерін жасыруға арналған ойдан шығарылған жалған деректер» деп атады.