Иран Ормуз бұғазын жабатынын мәлімдеді

Ал АҚШ бұл ақпаратты жоққа шығарды.

 depositphotos.com Бүгiн 2026, 06:35
Бүгiн 2026, 06:35
263
Фото: depositphotos.com

Иранның жоғары біріккен әскери қолбасшылығы АҚШ-тың шабуылдарынан кейін Ормуз бұғазы мұнай танкерлері мен коммерциялық кемелер үшін жабылатынын мәлімдеді.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Тегеран бұғаз арқылы өтуге әрекет жасаған кез келген кеме нысанаға алынатынын ескерткен. Иран тарапы сондай-ақ әскери күштері екі «шекараны бұзған» кемені атып түсіргенін хабарлады. Алайда олардың қандай кемелер екені нақтыланбады.

Сонымен қатар АҚШ бұл мәлімдемелерді жоққа шығарды. АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) әлеуметтік желідегі ресми парақшасында Иран әскери күштері бірде-бір америкалық әскери кемеге шабуыл жасамағанын мәлімдеді.

Бұған дейін Иран Ормуз бұғазын барлық кемелер үшін жабық деп жариялаған болатын. Алайда америкалық тарап бұғаздың толық жабылғанын растамады.

Ормуз бұғазы әлемдегі ең маңызды теңіз дәліздерінің бірі саналады. Ол арқылы жаһандық мұнай тасымалының едәуір бөлігі жүзеге асырылады. Сондықтан аймақтағы кез келген шиеленіс әлемдік энергетикалық нарық пен мұнай бағасына тікелей әсер етуі мүмкін.

 

Наверх