Иран Ормуз бұғазын ашу үшін қойылатын шарттарды атады

 Fars News 16 Шілде 2026, 07:42
16 Шілде 2026, 07:42
188
Фото: Fars News

Иран Қарулы күштерінің өкілі Мұхаммад Акраминия Ормуз бұғазы әскери қысым немесе күш көрсету арқылы ашылмайтынын мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұғазды ашудың негізгі шарттары – АҚШ-тың Исламабадтағы өзара түсіністік туралы меморандумның талаптарын сақтауы, барлық әскери іс-қимылдарды тоқтатуы және Иранның егемендік құқықтарын құрметтеуі.

Ормуз бұғазы Иранның еркі ескерілгенге дейін жабық күйінде қалады, – деді Акраминия. Оның сөзін Mehr агенттігі келтірді.

Сондай-ақ ол АҚШ пен оның одақтастарының Исламабад меморандумынан тыс Ормуз бұғазында қабылдайтын кез келген әрекетін Тегеран Иранның егемендігін бұзу деп санайтынын айтты. Мұндай әрекеттердің жолын Иран Қарулы күштері кесетінін ескертті.

Наверх