Иран бірқатар әуежайды қайта іске қосты

Әуе қозғалысы қайта жандана бастады.

 pixabay.com Бүгiн 2026, 18:48
Бүгiн 2026, 18:48
121
Фото: pixabay.com

Иран елдің шығыс бөлігіндегі әуе кеңістігін ашты. Бұл ретте ел аумағы арқылы транзитпен ұшатын халықаралық рейстерге рұқсат берілді, деп хабарлайды   BAQ.KZ.

Deutsche Welle мәліметінше, Иран Ислам Республикасының Азаматтық авиация басқармасы елдің шығыс бөлігіндегі әуе кеңістігі транзиттік халықаралық рейстер үшін ашық екенін мәлімдеді.

Елдің шығыс әуе дәліздері Иран аумағы арқылы ұшатын халықаралық рейстер үшін ашық, – делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар жергілікті уақыт бойынша сағат 7:00-ден бастап бұрын жабылған әуежайлардың бір бөлігі жұмысын қайта бастағаны айтылды.

Al Jazeera дерегінше, елде ашылған әуежайлардың жалпы саны алтыға жеткен. Бұдан бөлек, әуе компаниялары ішкі және халықаралық рейстерді қайта іске қосуға дайындалып жатқаны белгілі болды.

Наверх