Иран әскери мақсатқа бөлінетін қаржыны 200% ұлғайтпақ

30 Қазан 2024, 09:51
245
Бөлісу:
Иран әскери мақсатқа бөлінетін қаржыны 200% ұлғайтпақ

Иран билігі келер жылдан бастап әскери мақсатқа бөлінетін қаржы көлемін 200% пайызға ұлғайтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Иран министрлер кабинетінің өкілі Фатеме Мохаджерани мәлімдеді. 26 қазанда Израиль қорғаныс армиясы Иран аумағындағы әскери нысандарға бірқатар соққы жасады. 

Зымыран шығаратын зауыт сондай-ақ жер-әуе зымыран кешендері мен Иранның қосымша әуе құралдарына шабуыл жасалды. Еврей армиясы бұл Иран режимінің бірнеше айлық үздіксіз шабуылдарына қарсы жауап деп мәлімдеген болатын.

Өзгелердің жаңалығы