Иран АҚШ-та өтетін футболдан әлем чемпионатына қатыса ма?

Рубио мәселе спортшыларға емес, делегация құрамына қатысты екенін атап өтті.

 freepik Бүгiн 2026, 08:32
Бүгiн 2026, 08:32
119
Фото: freepik

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Иран құрамасына футболдан әлем чемпионатына қатысуға тыйым салынбағанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Иран турнирге қатыспайды деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Егер команда жарысқа бармаса, бұл олардың өз шешімі болмақ. Бұған дейін Иранның орнына Италия қатысады деген қауесет тараған.

Рубио мәселе спортшыларға емес, делегация құрамына қатысты екенін атап өтті. Оның сөзінше, АҚШ қауіпсіздік талаптарына байланысты елге күмәнді тұлғалардың кіруіне жол бермейді.

Наверх