Тегеран Вашингтонмен келіссөздер аясында байытылған уран қорын АҚШ-қа беруге келіспегенін ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.
Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі Эсмаил Багай бұл ақпаратты жоққа шығарып, байытылған уран ел үшін стратегиялық маңызы бар ресурс екенін атап өтті. Оның айтуынша, «ол ешқандай жағдайда сыртқа берілмейді».
Бұған дейін Дональд Трамп Иран АҚШ-қа байытылған уранды беруге келіскенін мәлімдеген болатын. Ол бұл материалды «ядролық шаң» деп атап, келісім жасалған жағдайда уранды АҚШ-қа жеткізу мүмкін екенін айтқан.
Алайда Тегеран бұл мәлімдемелерді жоққа шығарып, мұндай келісімнің болмағанын жеткізді.
Сонымен қатар, Трамп Иранмен бейбіт келісімге жақын қалғанын және тараптар жақын күндері кездесуі мүмкін екенін де атап өтті.