Ирактағы наразылық шараларынан 300-ден астам адам қаза тапты

11 Қараша 2019, 10:40
2407
Бөлісу:
Ирактағы наразылық шараларынан 300-ден астам адам қаза тапты

Алматы, BAQ.KZ. Қазан айының басында басталған үкіметке қарсы наразалық шараларында 319 адам қаза тапты. Бұл туралы елдің ресми ақпарат агенттігі хабарлады, деп жазды Синьхуа агенттігі.

Ирак ақпарат агенттігінің мәліметінше, елде болып жатқан наразылық шараларында құрбан болғандар қатарында үкіметке қарсы шыққандар мен қоса қауіпсіздік қызметкерлері де бар.

Есімін атамауды қалаған елдегі адам құқықтары жөніндегі тәуелсіз комиссия мүшесі наразылық шараларында 13 қауіпсіздік қызметкері қаза тапқанын растап отыр. Оның мәліметінше, көтеріліс кезінде 15 мыңнан аса адам жарақат алған.

Бағдадта және Ирактың орталығы мен оңтүстігіндегі қалаларда жаппай көтеріліс әлі де жалғасып жатыр. Наразылық танытқандар елдегі сыбайлас жемқорлыққақ арсы күресті реформалауды, мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруды және жұмысқа орналастыру мүмкіндігін тағайындауды талап етіп отыр.

Өзгелердің жаңалығы