Қазақстанның елшісі Иордания короліне сенім грамоталарын тапсырды

9 Қыркүйек 2019, 10:28
1782
Бөлісу:
Қазақстанның елшісі Иордания короліне сенім грамоталарын тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Амман қаласында Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі елшісі Айдарбек Тұматов Иордания короліне сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

«Басман» корольдік сарайында өткен ресми іс-шара аясында елші мемлекет басшылығының екі елдің арасындағы достық пен ынтымақтастықты одан әрі жан-жақты нығайту бойынша дәйекті бағдарын растады», - делінген хабарламада.

и2.jpg

Өз кезегінде Иордания монархы екіжақты қатынастардың тұрақты дамып келе жатқанын жоғары бағалады және Қазақстанның басшылығына өзінің жылы лебізін жеткізуді сұрады.

Сол күні Беларусь, Греция, ЕО, Қатар, Марокко, Үндістан, Франция және Чилидің жаңа елшілері де Иордания короліне сенім грамоталарын тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы