Инженерлік инфрақұрылымды толыққанды цифрландыру жүргізіліп жатыр

15 Шілде 2022, 06:30
1332
Бөлісу:
Инженерлік инфрақұрылымды толыққанды цифрландыру жүргізіліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әкімдіктермен бірлесіп өңірлердің инженерлік инфрақұрылымы туралы деректерді цифрландыру және толтыру бойынша жұмыс жүргізуде.

 Бұл іс-шара «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» Ұлттық жобасы шеңберінде іске асырылуда.

Атап айтқанда, 2024 жылға дейін еліміздегі ірі елдімекендердің инженерлік инфрақұрылымын толыққанды цифрландыру жоспарланып отыр. Биыл Ақтөбе, Қарағанды, Өскемен, Лисаков (Қостанай облысы) және Арыс (Түркістан облысы) қалаларындағы құрылыс жүргізілген 9,3 мың га аумаққа инженерлік нысандарды түгендеу жұмыстары жүргізілуде. 2022 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша аталған өңірлердегі 3,8 мың га аумақтағы инженерлік коммуникациялар түгенделген.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен елдімекендердің 10,7 мың га аумағында жерасты және жерүсті коммуникацияларын түгендеу жүргізілуде. Оның ішінде Павлодар облысының (Павлодар қ. – 1092,36 га, Ақсу қ. – 524,49 га, Екібастұз қ. – 2724,17 га, Шарбақты а. – 178,12 га, Көктөбе а. – 120,0 га, Железин а. – 89,2 га), Ақмола облысының (Атбасар қ. – 400,28 га, Щучинск қ. – 1137 га), Түркістан облысының (Леңгір қ. – 473,25 га,  Мырзакент а. – 24,9 га, Шәуілдір а. – 222,65 га, Жетісай қ. – 57,37 га), Батыс Қазақстан облысының (Орал қ. – 124,68 га, Ақсай қ. – 400,79 га, Жәнібек а. – 4,45 га, Қазталов а. – 63,31 га, Каменка а. – 84,6 га, Қаратөбе а. – 60,0 га, Чапаев а. – 140,2 га) және Солтүстік Қазақстан облысының (Бескөл а. – 443,10 га) елдімекендері бар. 

Өз кезегінде инженерлік коммуникациялардың цифрлық деректері қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізіледі. Бұл республиканың бүкіл аумағында қажетті ақпаратты жинауды, өңдеуді, сақтауды және ұсынуды бірыңғай есепке алуды қамтамасыз етеді.

Бүгінде қала құрылысы кадастрының деректер қоры инженерлік коммуникациялар деректерінің 63,7 пайызын (328 мың га) қамтиды. Инфрақұрылымдық деректермен жұмыс істеу үшін жергілікті атқарушы органдар мен табиғи монополиялар субъектілеріне Бірыңғай инфрақұрылымдық деректер геопорталына қолжетімділік қамтамасыз етіледі.

Өзгелердің жаңалығы