Кәсіпкерлер мен инвесторлар жемқорлықтан қорғалғанын сезінулері тиіс – Тоқаев

19 Тамыз 2020, 15:47
1400
Бөлісу:
Кәсіпкерлер мен инвесторлар жемқорлықтан қорғалғанын сезінулері тиіс – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кәсіпкерлер мен инвесторлар жемқорлықтан қорғалғанын сезінулері тиіс, деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңесте.

Экономикалық мәселелердің туындауы кәсіпкерлікті қолдаудың өзектілігін арттырды. Соңғы бес жылда заңды кәсіпкерлікпен айналысуға кедергі келтіру бойынша 11, рейдерлікке қатысты 7 адам жауапқа тартылды. Бұл сандар құқыққорғау органдарының жұмысы әлі ақсап тұрғанын білдіреді. Өткен жылғы Жолдауымда заңды кәсіпкерлікке тосқауыл қою мемлекеттік қылмыс болып табылатындығын айтқан болатынмын. Бас прокуратура мен барлық құқыққорғау органы осыны естен шығармаулары керек, - деді Президент.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Үкімет пен Бас прокуратураға бір ай ішінде осы мәселеге қатысты нақты ұсыныстар даярлауды тапсырды. 

Дегенмен, жемқорлыққа қарсы күрес бағыты бойынша бұл салады жағымды өзгерістер де байқалады. Антикоррупциялық институттың кіріктірілуі алғашқы жемісін беріп келеді. Тек жарты жылда 510 бизнес-жоба бойынша 114 заңсыз араласу фактісі анықталды. Бұл жұмысты әрі қарай жалғастыру қажет. Бас прокуратура кәсіпкерлердің себепсіз қылмыстық тергеуге ілігіп кету фактісінің алдын алуы тиіс. Кәсіпкерлер мен инвесторлар өздерін жемқорлықтан қорғалғанын сезінулері тиіс, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы