Инвесторға жер учаскесін беруге әкімдік келісім бермеген

21 Мамыр 2024, 18:25
334
Бөлісу:
Инвесторға жер учаскесін беруге әкімдік келісім бермеген
Фото: Артём Чурсинов - архив

Шымкентте инвестор инвестициялық жобасын іске асыру үшін бір жыл бойы жер учаскесін ала алмай келген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының маңызды инвестициялық жобаларды прокурорлармен сүйемелдеу жөніндегі тапсырмасы аясында Шымкент қаласының прокуратурасы инвестордың құқықтарын қорғады.

Шымкент қаласының әкімдігі заң талаптарын бұза отырып, бір жыл бойы инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін жер учаскесіне келісімін бермеген.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша инвесторға жер учаскесін беру мәселесі келісілді, кінәлі тұлға жауаптылыққа тартылды.

Инвестициялық жоба сүйемелдеуге алынды және Шымкент қаласы прокуратурасы басшылығының бақылауында.

Естеріңізге сала кетейік, инвесторлардың өтініштеріне жедел шара қолдану мақсатында қала прокуратурасының алаңында фронт-офис құрылып, мобильді топ тәулік бойы жұмыс істейді (байланыс телефоны 8-707-615-00-10).

Өзгелердің жаңалығы