Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жұмыстары жалғасып жатыр

29 Қыркүйек 2023, 14:35
642
Бөлісу:
Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жұмыстары жалғасып жатыр
Фото: BAQ.KZ - архив

Прокурорлар уәкілетті органдар тарапынан инвесторлармен жұмыс тиісті деңгейде ұйымдастырылмағанын, әрі олардың заңды құқықтарының бұзылғандығын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі уақытта 68 инвестор өз жобаларын іске асыруда, олар бойынша инвестиция сомасы 868 млрд теңгені құрайды.

Мысалы, Алматы қаласының Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы Құрылыс саласында құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту ережелерін бұза отырып (30.09.2015 ж. №750 ҰЭМ бұйрығы) «АМА» ЖШС мен «OD» ЖШС сәулет-жоспарлау тапсырмаларын беруден бас тартқан.

Аталған жобалар 11 млрд теңгеден астам сомаға автоорталық пен рекреациялық кешен құрылысын жүзеге асыруда.

Прокуратураның наразылығы бойынша заңсыз бас тартулар жойылып, инвесторларға рұқсат құжаттары берілді.

Тағы бір жәйт, әкімдік Жер кодексінің 43-бабын бұза отырып, 5 ай бойы емдеу-сауықтыру кешеніне жер телімін беру мәселесін қарастырған (жобаның құны 4 млрд теңге). Аталған рәсім заң бойынша 20 жұмыс күнінен аспауы тиіс. Прокурорлардың араласуынан кейін инвестордың өтініші қанағаттандырылып, оған жер телімі берілді, - деп жазды Алматы қаласының прокуратурасы.

Бүгінгі күнге прокуратура инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын 4 инвестордың проблемалық мәселелерін шешіп, 500-ден астам жұмыс орнын ашты.

Прокуратураның негізгі міндеті болып, инвесторлардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қалпына келтіру, проблемаларды тиімді шешу табылады.

Өзгелердің жаңалығы