Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жақында Иран Ислам республикасы Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуға дайын екендерін мәлімдеді. Парсы шығанағындағы мемлекетпен бір одаққа мүше болуымыз Қазақстан үшін қаншалықты тиімді? Осы мәселе жөніндегі экономистердің пікірін білген едік.
Біріншіден, Иран одаққа нақтылы кірген жоқ. Ол қазір бірнеше елдермен бірге бақылаушы мемлекеттердің қатарында жүр. Екіншіден, ЕАЭО-ға кіру Ислам мемлекеті үшін оңай болмасы анық. Қарапайым мысал келтірейін. Қазақстанда одаққа кірер кезде қаншама келіссөздерден өтті.Біз пост-совет елдерінің бірі болғандықтан аса қиындық тудырмады. Ал Иран Ислам республикасы, яғни заңнамлық өзгешеліктері бар. Сондықтан көптеген мәселелер бар. Қазақстан үшін Иранның одаққа кіруінің тиімді және тиімсіз тұсы да жеткілікті. Жақсы жағын айтар болсақ ауылшаруашылық өнімдерінің экспорты артуы мүмкін. Бұл кәсіпкерлерге ұтымды, - дейді экономист Арман Байғанов.
Оның айтуынша, тиімсіз жағы Иранда ауылшаруашылығы мен жеңіл өнеркәсіп арзан әрі бірдей дамыған. Осыған орай біздің кәсіпкерлер бәсекелестікке төтеп бере алмауы мүмкін.
Егер болашақты ойлайтын болсақ, бұл меніңше барлық ЕАЭО елдеріне тиімсіз.Тіпті 2014 жылдан бері құрамында жүрген Қазақстанның өзі көп параметрлер бойынша қалып келеді. Тиімсіз болуының тағы бір себебі, елде экспорттан қарағанда импорт басым. Яғни валютамыздың сыртқа кеткені кеткені көп. Одақ құрамына кірмейтін мұнайлы ел Әзербайжанның манаты біздің теңгемізбен салыстарығанда деваливацияға аз ұшырады.Бұл дегеніміз ЕАЭО-дан қалып келеміз деген сөз. Алдағы уақытта осыдан сабақ шығару қажет, - дейді Арман Байғанов.
Ал тағы бір экономист Бауыржан Ысқақов Иран Ислам республикасының одаққа кіруін екі түрлі жағдайы барын айтып отыр.
Бірінші кезекте, Иранның батыс мемлекеттері ,әсіресе, АҚШ құрама штатынан саяси-экономикалық санкцияға ұшырағаны белгілі. Ол өз кезегінде Иранның экономикалық дамуына үлкен тежеу болуда. Сол себепті экономикалық одақтардың бұл елге қажеттілігі туындап отыр.Олар алдымен ЕАЭО-ға бақылаушы ретінде тіркеліп, қазіргі уақытта жылдам әрекет жасауының өзінің мәндері бар. Яғни одақ құрамына кіргеннен кейін экономикалық жағынан үлкен үлеске ие болып қалу. Өйткені, одаққа кіру арқылы 500-ден астам тауарлары жеңілдікке ие болып, одақтың шеңберінде сатылатын болады, - дейді Бауыржан Ысқақов.
Оның айтуынша, бұл ретте қай елдің тауар нарығы үлкен сол мемлекеттің үлесі жоғары болады деп отыр.
Қазіргі кезде Ресей мемлекеті алдыңғы қатарда тұр. Жалпы, сауданың 70 пайызы осы елдің иелігінде болады деген болжам бар. Қалған бөлігі Қазақстан, Қырғызстан және Белоруссия, Армения секілді басқа да одақ мүшелеріне қалады. Одақтағы бес мемлекетте жеңіл өнеркәсіптің дамуына мүмкіндік ашады, - дейді экономист.Ол сонымен қатар Иранның одаққа кіруі болашақта еліміздің экономикасына қалай әсер ететінін де айтты.
Қазақстанның ішкі тұтыну сұранысын сыртқы нарықтан қанағаттандырып отырғандықтан, тез пайда әкеледі деп айта алмаймыз. Екіншіден, тәуекелге баратын тұсымыз Иран батыс елдерінің санкциясына ұшыраған мемлекет.
Ал Қазақстанға Иранмен байланыс жасағаннан көрі Батыс Еуропа және Америкамен қарым-қатынаста болғаны дұрыс. Өйткені, бюджетіміздің 70 пайызын «Теңіз шевройл» компаниясы өндіретін мұнай құрайды. Бұл дегеніміз – АҚШ пен Батыс Еуропаның санкцияларына ұшыраған Ресей, Иран секілді елдер одаққа бірігетін болса, бізге сырттан келетін инвестициялық кіріс төмендейді. Яғни ол батыстың инвесторларына арналмауы мүмкін.Меніңше, бұл мәселе пайдасынан көрі зиянын әкеледі - деді Бауыржан Ысқақов.
Еске сала кетейік, Бұған дейін Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев ақпан айында Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Иранмен еркін сауданың тұрақты аймағын (ЕСА) құру туралы келіссөздер жүргізетінін хабарлаған болатын. ЕАЭО мен Иран арасында уақытша ЕСА құру туралы келісімге 2018 жылы Астанада қол қойылған.
Иранның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болуға дайын екендігін 10 ақпанда сол елдің Мәжіліс депутаты Мохаммад Галибаф мәлімдеген еді. Оның айтуынша, қазіргі таңда Иран Ислам Республикасы келіссөз дайындықтарын бастап кеткен. Келіссөз екі аптаға созылмақ. 2015 жылы құрылған одақ құрамында қазіргі кезде Ресей, Қазақстан, Беларусь және Қырғызстан, Армения елдері бар.