Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Әлеуметтану» мамандығының 2-курс PhD докторанты Шырын Тіленшиева жастар мен балалар арасындағы интернет-тәуелділіктің, кибербуллингтің және құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу бойынша талдамалық баяндаманы таныстыруға арналған брифингте айтты.
Жас көрсеткіштеріне келетін болсақ, респонденттердің басым бөлігі 13-15 жастағы жасөспірімдер. Интернетте «отыру» бойынша ең көп үлесті көрсетіп отырған да осы санаттағы жасөспірімдер болып отыр. Көп жағдайда қалалық мектеп оқушылары интернетті қолданғысы келеді және өздерін интернетсіз елестете алмайды, - деді ол.Тіленшиева айтқандай, респонденттердің басым бөлігі интернетке қажеттілік үшін кіретіндерін белгілеген.
Өтпелі кезеңде жасөспірімдер интернетке тәуелді бола түседі. Сауалнама бойынша интернетте отыратындардың 55 пайыздан астамы әлеуметтік желіге кіретіні белгілі болды, - деді ол.Айта кетейік, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен» бірлесіп «Жастар мен балалар арасында Интернетке тәуелділік пен құмар ойындардың алдын алу жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» әлеуметтік жобасын жүзеге асырып жатыр.
Осыған дейін қашықтан оқу салдарынан балалардың онлайн ойындарға қызығушылығы артқаны анықталды.