«Интер Майами» ресми түрде Лионель Мессидің командаға қосылғанын жариялады

17 Шілде 2023, 02:42
557
Бөлісу:
«Интер Майами» ресми түрде Лионель Мессидің командаға қосылғанын жариялады
Фото: intermiamicf.com

АҚШ-тың «Интер Майами» клубы ресми түрде аргентиналық шабуылшы Лионель Мессидің командаға қосылғанын жария етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Футбол клубы атақты футболшының командаға қосылғанын хабарлап, «Интер Майами» жейдесін киіп түскен суреті мен бейнежазбасын жариялады.

Айта кетсек, Лионель Мессимен келісімшарт 2025 жылға дейін жасалған. Ол жаңа командасында 10 нөмірлі жейде киетін болды.

35 жастағы аргентиналық соңғы екі маусымда Францияның «Пари Сен-Жермен» клубында ойын көрсетті. Команда сапында ел чемпионатын екі мәрте жеңіп алса, сол елдің суперкубогына қол жеткізді.

Өткен маусымда ол 41 ойында 21 гол соғып, 20 нәтижелі пас берді. Аталған команда сапында 75 ойында 32 голдың авторы атанып, 35 нәтижелі пас шығарды.

Өзгелердің жаңалығы