Intel Ресейде өз жұмысын уақытша тоқтатты

6 Сәуір 2022, 15:15
1338
Бөлісу:
Intel Ресейде өз жұмысын уақытша тоқтатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Intel де Ресей аумағында жұмысын уақытша тоқтатқан компаниялар қатарын толықтырды, деп жазды Хабар24.

IT-алыптың өкілдері корпорация елдегі қызметін уақытша тоқтатқанын мәлімдеді. Басшылық қызметкерлерге қолдау көрсету жалғасатынын айтады. 

Бұған дейін Intel өз өнімдерін Ресей мен Беларуське жеткізуді тоқтатқанын айтқан. Оның басты бәсекелесі AMD де осындай шешім қабылдаған.
 

Өзгелердің жаңалығы