Инфляцияның баяулауы әлі де тұрақсыз – Пірматов

8 Ақпан 2022, 11:53
970
Бөлісу:
Инфляцияның баяулауы әлі де тұрақсыз – Пірматов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы  Ғалымжан Пірматов Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.

Сыртқы және ішкі инфляциялық қысымның күшеюі кезінде Ұлттық Банк 2021 жылдың ортасынан бастап базалық ставканы үш рет 9,75%-ға дейін 75 базалық тармаққа өсірді.Үкіметпен бірлескен шараларды іске асыру нәтижесінде 2021 жылдың қорытындысы бойынша инфляция қыркүйек-қазан айларындағы ең жоғары 8,9%-дан 8,4%-ға дейін баяулады, - деді Ғалымжан Пірматов. 

Оның айтуынша, базалық инфляцияның траекториясы инфляцияның баяулауының әлі де тұрақсыз екенін көрсетеді. 

Биылғы жылғы қаңтарда инфляцияның тағы да 8,5%-ға дейін жеделдеуі осыны дәлелдейді. Инфляциялық процестердің орнықсыздығын байқай отырып, Ұлттық Банк осы жылғы 24 қаңтарда базалық ставканы 10,25%-ға дейін 50 базалық тармаққа көтерді, бұл инфляцияны биылғы жылдың соңына қарай болжанатын 6-6,5% дәлізіне қайтаруға ықпал ететін болады. Ұлттық Банк келесі болжамдық раундының шеңберінде наурыз айында 2022 жылға арналған инфляция болжамын өзектендіреді, - деді Ұлттық банк төрағасы.

Ол атап өткендей, бағаның өсуін одан әрі төмендету үшін Ұлттық Банк дезинфляциялық ақша-кредит саясатын жүргізуді жалғастырады.

Ол Үкімет тарапынан тауар нарықтарындағы дисбаланстарға жол бермеуге бағытталған жүйелі шаралармен қатар орындалуы тиіс,- деді ол.

Өзгелердің жаңалығы