Инфекционист телефон бетіндегі қауіпті микробтар туралы ескертті

5 Қыркүйек 2021, 17:13
1913
Бөлісу:
Инфекционист телефон бетіндегі қауіпті микробтар туралы ескертті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Телефонның бетінде аурутуындатқыш бактериялардың көп бөлігі мекендеуі мүмкін. 

Бұл туралы «Прайм» агенттігіне инфекционист дәрігер Наталья Очинская айтты.

Оның сөзінше, 2015 жылы британиялық Суррея университетінде арнайы зерттеу жүргізіліп, ғалымдар қарапайым азаматтардың смартфон беттерінен жұғынды алып тексеріп көрді. Нәтижесінде бұл құрылғылардың аурутуындатқыш бактериялардың нағыз ошағы екені анықталды.

Зерттеу аясында қарапайым азаматтардың 30 шақты телефоны тексерілді.  Анықталғандай, кейбір жағдайда смартфон корпусында унитаз жиегіне қарағанда 18 есе көп бактерия болады екен, - деді Очинская. 

Инфекционисттің айтуынша, телефонды сальмонелла, ішек таяқшалары, стрептококк, алтын стафилококк және тағы басқалары мекен етеді. Олардың барлығы ішек инфекцияларынан бастап, пневмония, менингит тәрізді өмірге қауіп төндіретін аурулар туындатуы мүмкін.

Дәрігер күніне кемінде бір рет телефон беткейін антибактериялық майлықпен сүртуге кеңес берді. Бұл ретте құрылғыны электр желісінен ажыратуды ұмытпау керек.


Өзгелердің жаңалығы