Индустрияландыру бағдарламасы аясында 10 жылда 114 жоба іске қосылған

29 Шілде 2019, 17:28
1738
Бөлісу:
Индустрияландыру бағдарламасы аясында 10 жылда 114 жоба іске қосылған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы 10 жыл ішінде индустрияландыру бағдарламасы аясында тау-кен металлургия кешенінде 114 жоба іске қосылды. Бұл туралы ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қанат Баитов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде мәлімдеді.

«Тау-кен металлургия кешені жалпы ішкі өнімнің шамамен 6,7% , өнеркәсіптік өндірістің 25% және экспорттың 24% құрайды. Бұл салада 800-ден астам кәсіпорын және 185 мың жұмыс орны бар. Соңғы 10 жыл ішінде индустрияландыру бағдарламасы аясында тау-кен металлургия кешенінде 114 жоба іске қосылды», - дейді Қанат Баитов.

Оның айтуынша, 2018 жылдан 2025 жылға дейін кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын цифрландыру аясында 1,7 трлн теңге сомасына 192 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

«Оларды іске асырудан болатын экономикалық тиімділік 2025 жылға дейін 2,2 трлн теңге деңгейінде күтілуде. Ал қазіргі уақытта 2025 жылға дейін 1,75 трлн теңге тиімділігімен 79 жоба аяқталды.  Биылғы жылдың екінші жарты жылдығында 70,3 млрд теңге сомасына 53 жобаны бітіру жоспарланып отыр», - дейді комтиет төрағасы .

Айта кетейік, 2015-2019 жылдар аралығында төртінші өнеркәсіптік революция стандарттарына жауап беретін жаңа жабдықтары бар қазіргі заманғы тау-кен металлургия кәсіпорындары пайдалануға берілді. Олар: Казминералс Ақтоғай және Бозшакөл, Бақыршық КБК, Sary-Arka cooper processing және басқа кәсіпорындар.

Өзгелердің жаңалығы