Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды

6 Ақпан 2023, 13:36
655
Бөлісу:
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі  тағайындалды
Фото: primeminister.kz

Азамат Бейісбеков Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

ҚР Үкіметінің қаулысымен Азамат Өмірзақұлы Бейісбеков ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. 

Азамат Бейісбеков 1985 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2006 жылы ҚР Кедендік бақылау комитетінің кедендік рәсімдеу маманының міндетін атқарушы болып бастаған.

2009-2011 жылдары — Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Индустриялық саясат және Стратегиялық жоспарлау департаменттерінің сарапшысы, бас сарапшысы.

2011-2012 жылдары — Премьер-министр Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы.

2012-2015 жылдары Президент Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2015-2020 жылдары — Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің консультанты; инспекторы; сектор меңгерушісі. 

2020-2022 жылдары Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

2022 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы болып жұмыс істеді.

Бұрын осы лауазымда жұмыс істеген Ержан Жексенғалиұлы Мырзабаев берген өтінішіне сәйкес қызметінен босатылды.

Өзгелердің жаңалығы