Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды

30 Наурыз 2021, 18:34
1331
Бөлісу:
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметінің Қаулысымен Талғат Жеңісұлы Жанжүменов берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды.

Бұл туралы премьер-министр баспасөзі қызметі хабарлады.

Талғат Жанжүменов 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. 

Ленин комсомолы атындағы Вольское жоғары әскери тыл училищесін, РФ ҚК Тыл және көлік әскери академиясын, РФ ҚК Бас штабының Әскери академиясын бітірген. 

Еңбек жолын ҚР Қарулы Күштерінде әскери қызметте бастаған. 2019 жылы цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметін атқарды. 2019 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметін атқарды.

Өзгелердің жаңалығы