Индонезиядағы ұшақ не себепті құлауы мүмкін екені айтылды

11 Қаңтар 2021, 10:06
1175
Бөлісу:
Индонезиядағы ұшақ не себепті құлауы мүмкін екені айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индонезияда Sriwijaya Air компаниясының Boeing 737-500 жолаушылар ұшағы апатына не себеп болуы мүмкін екені айтылды, деп хабарлайды РИА Новости

Дереккөз мәліметінше, әуе кемесі суға соғылған кезде апатқа ұшыраған болуы мүмкін.

Straits Times газетінің мәліметінше, Boeing 737-500 ауада апатқа ұшыраған болса, ұшақтың сынықтары бүкіл жерде шашырап жатар еді,

Бұл әлі түпкілікті нұсқа емес... Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақтың суға соғылған кезде апатқа ұшырағаны көрінеді, - деді әуе қауіпсіздігі жөніндегі комитеттің тергеу бөлімінің басшысы Нүркахио Утомо.

Еске салайық, 9 қаңтарда Sriwijaya Air ұшағы суға құлаған еді. Sriwijaya Air жолаушылар ұшағының бортында 62 адам болған. Boeing компаниясы Индонезиялық авиакомпаниямен байланыста екенін және қажетті көмек көрсетуге дайын екенін хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы