Индонезияда жер сілкінді

5 Маусым 2023, 14:05
606
Бөлісу:
Индонезияда жер сілкінді
Фото: BAQ.KZ

Индонезиядағы Банда теңізінде магнитудасы 5,4 балды құраған жер сілкінісі орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Анадолу" агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, зілзаланы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмология орталығы тіркеген.

Жер сілкінісінің ошағы 40 мыңға жуық тұрғыны бар Туала қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 282 шақырымда орналасқан. Ошақ 112 шақырым тереңдікте болған.

Зардап шеккендер мен бүлінген ғимараттар туралы мәлімет жоқ. Белгілі болғандай, цунами қатеріне қатысты ақпарат жарияланбады.

Өзгелердің жаңалығы