Индонезияда жасөспірімдерге вакцина салына басталды

6 Шілде 2021, 04:40
2745
Бөлісу:
Индонезияда жасөспірімдерге вакцина салына басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индонезияда вирус жұқтыру жағдайларының көбеюіне байланысты 12 мен 17 жас аралығындағы жеткіншектерге вакцина салына бастады.

Коронавирусқа қарсы екпені алғашқылардың бірі болып джакарталық оқушылар алды. Жалпы жергілікті Денсаулық сақтау министрлігінің жоспары бойынша бас-аяғы 27 миллион бала екпе қабылдауы керек.

Айта кетейік, соңғы уақытта Индонезия жерінде вирустың таралу қарқыны өте жоғары. Тек өткен айдың өзінде қауіпті инфекцияға шалдыққан балалардың саны 3 есеге артып кеткен.

Өзгелердің жаңалығы