Индонезияда мұнай зауытындағы жарылыстан 20 адам зардап шекті

29 Наурыз 2021, 13:25
1431
Бөлісу:
Индонезияда мұнай зауытындағы жарылыстан 20 адам зардап шекті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индонезиядағы Pertamina Balongan мұнай өңдеу зауытында (МӨЗ) болған өрттен бес адамды қатты күйік шалып, тағы 15 адам жеңіл жарақат алды, деп хабарлайды ANTARA агенттігі.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бес адам қатты күйік алды, - деді Индрамай Чай округінің Табиғи апаттарды жою жөніндегі аймақтық басқарма басшысының міндетін атқарушы.

Оның айтуынша, барлығы 20 адам зардап шеккен. Бес адам ауыр жарақат алса, 15-нің жарақаты жеңіл. Олардың барлығы жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.

Ол зардап шеккендердің арасында мұнай өңдеу зауытының жанында орналасқан үйлердің тұрғындары, сондай-ақ кездейсоқ жолаушылар бар екенін айтты.

Өрт тудырған жарылыс дүйсенбіге қараған түні Батыс Ява провинциясындағы Индрамай ауданындағы Балонган мұнай өңдеу зауытында болды.

Өзгелердің жаңалығы